«Жастарға жол» қоры 10 мыңнан астам адамға көмек көрсеткен

07.02.2020 21:51

Қор «АЯЛА» жобасы аясында балалар үйінің түлектерін нарықтық жағдайға бейімдеуде

«Жастарға жол» жастарды дамыту қоры 5 жыл ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қол ұшын созып, заңгерлер мен психологтар 10 мыңнан астам консультативтік көмек көрсеткен. Бүгінде қорда 10 мыңға жуық еріктілер мен талантты жастар бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал, бірнеше бағытта жұмыс істейтін қор «АЯЛА» жобасы аясында балалар үйінің түлектерін нарықтық жағдайға бейімдеумен айналысып келеді. Одан өзге, ECO NAN наубайханасы қазіргі уақытта көпбалалы аналар мен жетімдер үйінің балаларын жұмыспен қамтып отыр. Айта кетейік, қордың қорытынды жұмысын тыңдауға әлеуметтік серіктестері, белгілі қоғам қайраткерлері балалар үйінің түлектері қатысты.

«Қала басшылығы бізге қолдау көрсетіп көмектеседі. Ең маңыздысы біз 5 жыл көлемінде бюджеттен бір тиын алған жоқпыз. Жалпы, әлеуметтік қор жаңа негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар"ЭКО НАН" наубайханасы. «Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы» форумы. Соңғысы, қазіргі уақытта балалар үйінің түлектеріне қолдау көрсету драйвері бола алатын ең үлкен жоба - «АЯЛА» қолдау орталығы», – деді «Жастарға жол» әлеуметтік қордың президенті Рафаэль ГАСАНОВ.