Егде тартқан әжей келін болып түсті (видео)

05.04.2019 21:51

Әлеуметтік желіде зейнеткер әжейдің келін болып көліктен түскен видеосы таралып кетті. Басына ақ жаулық салынып, екі жеңгесі иығынан сүйеген қарияның видеосы videogram_kaz парақшасында қызу талқыға түсті.

Видеодан әжейді өзімен қатар кісілердің қолтықтап көліктен түсіргенін көруге болады. Сондай-ақ, қарткісінің басына ақ жаулық салынған.

Ал видеоны түсіріп тұрған ер адам: «Ал орамал құтты болсын! Біздерден сұратып жатқандар көп қой Қалдыбектің гүлі. Ал құтты болсын», - деп тіл қатқан.

Айта кетейік, аулада келінді күтіп отырғандар шашу шашса, әжей қонақтарға сәлем салған.