Nur Otan партиясы жаңа босанған аналарға нәресте күтімі үшін ең қажетті заттар салынған себетті сыйға тартты

26.08.2020 19:27

5 қалалық емхана ұжымы ұйымдастырған игі акция Nur Otan партиясының қолдауымен өтті

almaty.tv

Nur Otan партиясы Алматыдағы №2 қалалық перзентханада жаңа босанған аналарға  жөргек қоры, емізік, бөтелке және балаларға арналған гигиена құралдары салынған себеттерді сыйға тартты. Нәресте күтімі үшін ең қажетті заттар бірінше кезекте көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен жандарға үлестірілді, деп хабарлайды Almaty.tv. 5 қалалық емхана ұжымы ұйымдастырған игі акция Nur Otan партиясының қолдауымен өтті.

«Осы перзентханада босанған аналарды кішігірім сыйлықтармен қуантуға келдік. Күннен-күнге нәрестелерің саны көбеюде. Біз оған өте қуаныштымыз. Еліміздегі халық санының көбеюіне үлес қосып жатқан аналарға қолдау білдіргіміз келеді», – деді Медеу аудандық Nur Otan партиясының бірінші орынбасары Олжас Шәріпов.

Перзентханада соңғы 7 айда 4000 мыңнан аса сәби жарық дүниенің есігін ашқан. Дәрігерлердің айтуынша пандемияға қарамастан дені-сау балалар туылып жатыр. Аналар қауымы өздеріне қолдау білідіріп отырған жомарт жандарға алғыстарын айтты.

«Нұр Отан партиясынан бізге ерекше көніл аударғандарына рахмет. Өте қажетті заттар сыйлап жатыр кішкентай нәрестеге арналған. Сол кісілерге, сол ұжымға көп рахмет», – деді жас ана Арай Әбетова.