33 жыл бұрын «Алматы-2» вокзалының маңында 2 тепловоз соқтығысып, газ толтырылған цистерналар отқа оранған еді
1989 жылы Алматыда болған ірі техногендік апатта қаза болғандарды еске алу күніне орай жұмысқа кірген ТЖД қызметкерлері ант берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиналғандар мерт болғандардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігін жас мамандарға үлгі қылды. Еске салайық, осыдан 33 жыл бұрын «Алматы-2» вокзалының маңында 2 тепловоз соқтығысып, салдарынан газ толтырылған цистерналар отқа оранған еді. 300 шақырымға дейін көтерілген жалынмен қалалық өрт сөндірушілер арпалысып, табандылығы мен батылдылығы арқасында жеңіп шыққан еді.
«Бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. Тілсіз жаудан біздің 9 әріптесіміз қайтыс болды, олар өздерінің кәсіби міндетін мүлтіксіз орындады. Қаза болған өрт сөндіруші батырлардың жасаған ерлігі Алматы гарнизонының өрт-құтқарушылары үшін мәңгілік қызмет көрсету үлгісі болып қала береді», – деді қалалық ТЖД басшысы Руслан Қасыбаев.