Алматыға алты айда 265 мыңнан астам турист келген

Алматыға алты айда 265 мыңнан астам турист келген
Ең көп турист Ресейден келген, олардың саны 73 мыңнан асып жығылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мәліметіне сәйкес, биыл алты айда қалаға 265 мыңнан астам турист келіпті. Былтыр Алматыға 525 мың адам қыдырып келсе, 2017 жылы 500 мыңнан сәл ғана көп шетелдік ат басын бұрған, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Туристер саны жағынан Ресей Федерациясы көш бастап тұр, олардың саны 73 мыңнан асып жығылған.

Екінші орында – Қытай, ол жақтан бізге 20 мыңнан астам турист келіп, қаланың көрікті жерлерін аралапты.

Үштікті Өзбекстан мен Қырғызстан түйіндеп тұр. Екі елден келетін туристер саны 16 мыңды құрайды.


Алматыға келетін шетелдік туристер

2019ж (6 ай) – 264,3

2018ж – 525 мың

2017ж – 508 мың  


Алматыға келетін шетелдік туристер:

Ресе Федерациясы - 73,3 мың турист

Қытай - 20,3 мың турист

Өзбекстан мен Қырғызстан - 16 мың турист

Түркия - 14,4 мың турист

Новости партнеров