Әуезов ауданының бірқатар мекемелері Ашық есік күнін өткізді

11.12.2019 21:52

Тұрғындар көкейде жүрген көптеген сұрақтарына жауап алды

Almaty.tv

Әуезов ауданының барлық сала мамандары мен бірқатар қалалық басқарма өкілдері бүгін Ашық есік күнін өткізді. Ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған шарада тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Бүгінгі біздің іс-шара жалғасын тауып жатыр. Апта сайын, күнде деп айтсақ та болады осындай ашық есік күндері болса. «Нұр Отан» партиясының жобасы бойынша мобилді көмек қолға алынды. Жалпы, халыққа жақын болу үшін Президент айтқандай халықты тыңдау керек. «Нұр Отан» партиясы әрдайым халықпен бірге, осындай қоғамдық қабылдаулар әр филиалда істейді", – деді NUR OTAN партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының орынбасары Найля ОРДАБАЕВА.

Түрғындар дәл осындай Ашық есік күндердің жиі өтіп тұруын құптайды. Себебі, мәселені қағазға тізіп бергеннен гөрі, адаммен көз-көз отырып сөйлесу әлдеқайда тиімді. Шараға қатысқан жұрттың біразының кездесуде мәселесі шешілсе, кейбіреуін жауапты мамандар бақылауына алыпты.

«Достықта» ықшамауданында балалар алаңының әлі құжаттары түгел емес. Бүгін әкіммен сол жайлы сөйлестім, құжаттарды жасайтын болды. Жақын болған жақсы ғой. Осы жерде сұрақ қойсаң, басшылардың құлағына жетеді», – деді Ділмұрат МҰСАЕВ.

«Халықпен осылай кездесіп, халықтың хал-жағдайын біліп жүрген өте жақсы ғой. Бірақ менің бір арманым – осы акция болып қалмай, ылғи өтіп тұрса», – деді Зәріп МОЛОТОВ.