Алматыда тағы екі селден қорғау құрылғылары орнатылады

02.09.2019 21:52

Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай жұртшылықпен кездесу барысында айтты

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы екі өзенде жаңа селден қорғау құрылғылары орнатылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Бұл туралы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай жұртшылықпен кездесу барысында айтты.  

«Премьер-министрдің сапары кезінде бұл мәселе қала әкімімен де талқыланды. Ақсай және Ақсай өзендерінде екі жаңа селден қорғау құрылғыларын салу қажет. Алдын ала келісілді. ЖСҚ зерделеу және пысықтау қажет. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта селдің қаупі жоқ», – деді Санжар Тоғай.