Тоқаев пен Путин Ауғанстандағы ахуалды талқылады

15.09.2021 21:52

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалды талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары алдағы күндері Душанбеде өтетін ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді, оның ішінде, Ауғанстандағы ахуалды талқылады, сондай-ақ, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіруге келісті.