Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 құрылысшылар қалпына келтіруде
Арыста 31 шілдеге қарай 5776 үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның ішінде 2529 үйге әрлеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қаланы 17 сектор бойынша 7,7 мың құрылысшы қалпына келтіруде. Бүгінгі таңда жұмысшылар 4 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, тағы да 17 көпқабатты үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, онда әрлеу жұмыстары ғана қалып отыр.
Арыс қаласын қалпына келтіруге еліміздің барлық өңірлері, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалалар да өз үлестерін қосуда. ТЖ орын алған алғашқы күннен бастап құрылыс жұмыстарына бақылау және мониторинг жасауды министрліктің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев жүргізуде.