Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті
Қаңтар оқиғасына байланысты қылмыстық істер бойынша құқық қорғау органдарының 29 өкілі күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Талдықорған және Алматы қалаларында тергеудің заңсыз әдістерін қолдану дерегі бойынша 8 полиция қызметкеріне қатысты екі қылмыстық іс сотқа жолданды. Құқық қорғау және арнайы органдардың 29 қызметкері күдікті деп танылды, оның 8-і сотта, 20-сы іс материалдарымен танысу сатысында және біреуі тергеліп жатыр", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.