"Қазақмыста" жаңа басшы: 16 жыл басшылық еткен Огай орнын босатты

kazakhmys.kz
kazakhmys.kz
«Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар Кеңесінің шешімімен компанияны Нұрахмет Нұриев басқаратын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметін 2006 жылдан бері үздіксіз атқарып келе жатқан Эдуард Огай орнын босатты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар Кеңесінің шешімімен компанияны Нұрахмет Нұриев басқаратын болды.

Еңбек ұжымы алдында өзінің ізбасарын таныстыра отырып, Эдуард Огай мұндай шешім «Қазақмыс» компаниясының жүрегі болып табылатын жаңа Ұлытау облысының құрылуына байланысты да туындағанын атап өтті.

Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы болып жұмыс істеді.

2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2015-2019 жылдары «Майкубен Вест» ЖШС және «Шұбаркөл Премиум» АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, Бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2020 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

«Қазақмыс» корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры қызметін атқарды.

2021 жылдың маусым айында «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.

Новости партнеров