Парламент Мәжілісінің депутаты адам өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ екенін айтты
Қиын шақтағы Президенттің негізгі қадамы Ұжымдық қауіпсіздікке жүгінгені болды. Осылай деген Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл адам өмірінен қымбат еш нәрсе жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Депутат ең дамыған демократиялық елдердің өзінде адамдар қырғынға ұшыраған лаңкестік актілер жағдайында барынша қатаң шаралар қабылдануы керек дегенді алға тарта отырып, Президентіміздің оң шешім қабылдағанын айтты.
«2 миллионнан астам халқы бар Алматы қаласын алайық. Жылу жүйесін істен шығарған жағдайда немесе құбырлар арқылы таралып жатқан ауыз суға у қосып жіберсе, бір үш күннің ішінде қанша халықты қырып алар едік. Міне, осы мәселеге келген кезде бұл дұрыс шешім болды және одан қобалжитын ештеңе жоқ. Жөн-жосықсыз жалған ақпаратқа сеніп, даурықпаға айналдыруға болмайды», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытбек Смағұл.