|
05.06.2019 | 16:54
1517

А.Таспиховты қолдау штабы Нұр-Сұлтан қаласында флешмоб өткізді

А.Таспиховты қолдау штабы Нұр-Сұлтан қаласында флешмоб өткізді

Мемлекеттік рәміздерді кәсіподақтар да ұлықтады. Әр өңірде салалық  және бастауыш ұйымдар патриоттық сипаттағы іс-шаралар ұйымдастырды. Кәсіподақ атынан президенттіке ұсынылып жатқан  Аманкелді Таспиховты қолдау штабы ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, Нұр Сұлтан қаласы жастарының арасында арнайы флешмоб өткізді, деп Almaty.tv тілшісі.

Ал үміткердің сенімді өкілдері болса, сайлаушылармен кездесіп, кәсіподақтың қызметін түсіндірді.

«Елімізде сайлау науқанына орай барлық жерде іс-шаралар өткізіліп жатқаны белгілі. Сонымен қатар  бүгінде жер-жерде тойланып жатқан ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін де біз Таспиховты қолдау акциясына ойыстырып отырмыз», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспиховтың республикалық қоғамдық штабы жетекшісінің орынбасары Серікқали МҰҚАШЕВ.

Таспиховтың сенімді өкілдері Жетісу жеріндегі сайлаушылармен өткізген кездесуде жалақы мөлшеріндегі алшақтық мәселесін көтерді. Себебі бүгінде мұнай-газ саласы қызметкерлері мен  бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақылары жер мен көктей екені рас.

«Мысалы, елімізде орта жалақы 168 мың теңге дейді. Бірақ шын мәнінде көпшілік ондай жалақыға қол жеткізе де алмайды. Себебі әлгі мөлшер ең жоғарғы мен ең төменгі жалақыны қосып, орта есеппен шығарыла салған. Елдің басым көбінің айлығы 100 мыңның төңірегінде ғана», – деді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир