Cенатор Үкіметтен түрмеде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мәселесін шешуді сұрады

29.10.2020 21:54

Қазақстан қазіргі уақытта түрме рейтингі бойынша әлемде 100-орында тұр

inform.kz

Ақтөбе облысының автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты жол-көлік оқиғалары бойынша облыс статистикасы көңіл көншітпейді. Бүгін Сенаттың кезекті отырысында депутат Бауыржан Қаниев аталған мәселе бойынша Үкімет басшысына сауал жолдады. Оның сөзінше, 2019 жылы 870 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 110 адам қаза тауып, 1173 адам жарақат алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазіргі таңда, «Орталық-Батыс» жоба аясында проблемалық сұрақтар туындап отыр.  Ең алдымен, қолданыстағы Республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз» автомобильдік жолы қанағаттанарлықсыз жағдайда тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылы 22  мамырда Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесу барысында «Қандыағаш-Шалқар-Ырғыз» Республикалық маңызы бар автомобиль жолының қанағаттанарлықсыз жағдайы  туралы мәселе көтерілген болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Үкімет жоғарыда аталған жобаның қаржыландыру көздерін айқындау және оны уақтылы аяқтау жөнінде шаралар қабылдауы қажет», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бауыржан Қаниев.

Сонымен қатар, сенатор түрмеде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту мәселесін шешуді сұрады. Заңнамалық реформалар мен қылмыстық саясатты ізгілендірудің арқасында еліміздегі түрме халқы 30 мың адамға дейін азайған және Қазақстан қазіргі уақытта түрме рейтингі бойынша әлемде 100-орында тұр. Алайда бас бостандығынан айыру орындарында олардың тек 30 пайызы ғана жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.

«Өндірістік ескірген инфрақұрылым, оның ішінде қазіргі заманғы өндірістік қуаттардың болмауы, күрделі қаржы салудың қажеттігі, сондай-ақ тәртіппен жұмыс істейтін объектілердің жағдайлары колониялардағы бизнесті дамытуға кәсіпкерлерді тартпайды. Сотталғандарды жұмыспен қамту еңбек дағдыларын дамытумен қатар, оларға талап-арыздарды өтеу және жәбірленушілерге келтірген зиянды төлеуге қаржы табуға, сондай-ақ өз отбасыларына қаржылық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Волков.