Алматыда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу бойынша брифинг өтті

23.08.2021 21:54

Мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту

пресс-служба Департамента госслужбы

Мемлекеттік қызмет істері департаментінің алаңында Президент Жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша департамент басшысы И. Б. Үйсімбаевтің қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында спикер резервке іріктеу тәртібі және оны өткізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

«Осы жылдың 1 қыркүйегінде президенттік Жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталады, оның іріктеу ережелері мен тәртібі Президенттің Жарлығымен реттеледі. Мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және мемлекеттік қызметке тарту.

Конкурсқа қатысуға 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі. Үміткерлерге қойылатын жаңа талап Ұлттық стандарттарға сәйкес орта деңгейден (В1) төмен емес мемлекеттік тілді меңгеру болып табылады», – деп атап өтілді спикер өз сөзінде.

Сонымен қатар, департамент басшысы үміткерлерге резервке алу үшін өтетін негізгі дәйекті кезеңдерді атап өтті, олар: күрделі санмен жұмыс істеу қабілетін бағалау мәселелерін шешу, жағдаяттық міндеттерді шешу, құзыреттерді бағалау, сараптамалық комиссияда әңгімелесу, Президент жанындағы жастар кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы.

«Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте резервке қабылдау лауазымға тағайындауға кепілдік бермейді. Тағайындау «А» корпусының саяси, әкімшілік лауазымдарына және "Б"корпусының басшы лауазымдарына көзделеді. Резервте болу мерзімі үш жылды құрайды. Тілек білдірушілер құжаттарды онлайн режимде арнайы әзірленген pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада тапсыра алады», – деп түйіндеді спикер.