Шымкентте жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

13.05.2021 21:54

Бұрын-соңды үшем болмаған

Шымкентте жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бақытты ана Нига аяғы ауыр екенін естіген ол қатты таңғалдым дейді. Айтуынша, өзінің де, жолдасының да әулетінде бұрын-соңды үшем болмаған.

Бұл 25 жасында көпбалалы ана атра Миркасимованың жасы небәрі 25-те. Ал, қазір 5 баланың анасы атанып отырған ол бұл жүктіліктің қиынырақ болғанын жасырмады. Алғашында үшемгеанған Нигара Миркасимова. Ол екі қыз бір ұлды дүниеге алып келді. Ал бұған дейін бір ұл, бір қызы болған. Тұңғышы бес, ал екіншісі 3,5 жаста екен. Қазірде ата-енесімен бір шаңырақта тұратын ол балаларымды қарауға отбасым қол ұшын береді дейді. Жас келіншек бұл жүктіліктің өзгелерден қиын өткенін жасырмайды. Іштегі баланың үшем екенін жүктіліктің тоғызыншы аптасында біліпті.  

«Үшем отбасымызда жоқ. Тұқымда егіздер бар, бірақ үшем жоқ. Бұл – біріншісі», – деді үшемнің анасы Нигара Миркасимова.

Сәбилерге Муслима, Мухлиса, Мұхаммад-Али есімдері берілген. Дәрігерлердің сөзінше, ана мен балалардың да жағдайы өте  жақсы. Жүктіліктің 35-апталығында өмірге келген олардың салмағы алғашында 2000-2200 грамм, бойлары 40-42 см болған. Уақыт өте нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған дейді мамандар.

«Нигара Миркасимова бізге жүктіліктің 35-36-аптасында түсті. Біз үшемді ота тілігі арқылы босандырып алдық. Негізі мұндай жағдайда ананың өзі босануы мүмкін емес. Әрі ең таңқаларлығы бұл эко арқылы жасалған жүктілік емес. Әрі отадан кейін үшем жансақтау бөліміне түскен жоқ. Яғни, дәрігерлер дер кезінде жұмыс жасап, алғашқы көмекті көрсете алды», – деді қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Темірхан Варзилов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте  10 мың 972 сәби туған. Оның 5317 қыз болса,  5655-сі ұл. Ал биыл дүние есігін ашқан үшемдер саны 3-еу, егіздер саны 88-ге жеткен.