Оқиға орнында 50 өрт сөндіруші мен 17 техника жұмыс істеп жатыр
Алматының Жетісу ауданында ғимараттардың бірінен түтін шыққаны байқалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қойма өртенген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
- 7 маусымда Жетісу ауданы, Тобаяқов көшесі, 60 мекенжайына жоғары дәреже бойынша шыққан Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары отқа оранған қоймадағы өртті сөндіруде. Өрт оқпандары енгізілді, - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында 50 өрт сөндіруші мен 17 техника жұмыс істеп жатыр.
Оқи отырыңыз:Жетісуда цистернадан күкірт қышқылы ағып кетті