Алматыда жалғызбасты зейнеткерлерді қолдау мақсатында «Игі істер» марафоны өтіп жатыр
almaty.tv
Наурызбай ауданының жас дәрігерлері мен еріктілері білесіп, көмекке мұқтаж қариялардың үйін аралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жалғызбасты зейнеткерлерді қолдау мақсатында «Игі істер» марафоны өтіп жатыр. Қайырымдылық шара аясында Наурызбай ауданының жас дәрігерлері мен еріктілері білесіп, көмекке мұқтаж қариялардың үйін аралады. Олар зейнеткерлердің денсаулығын тексеріп, алғашқы көмекке қажетті дәрі-дәрмек қорабын сыйға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай- ақ, ұйымдастырушылар жергілікті тұрғындарға тегін маска, антисептик таратып, вакцина алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Менің аймақтық дәрігерлерге алғысым шексіз. Себебі мен сырқаттанып қалғанда укол салып, дәрігерлерін алып келді. Енді сендер келіпсіңдер, бәріңе көп рақмет», – деді жалғызбасты зейнеткер Нұрбибі Бөкенова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35