Жаңаөзендегі жарылыс: баспанасыз қалған отбасылар үйлі болды

20.04.2023 21:55

Адам санына байланысты 2 бөлмелі, 3 бөлмелі және 5 бөлмелі пәтерлер берілді

Жаңаөзен қаласында болған төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған барлық отбасыға пәтер сатып алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ресми арнасына сілтеме жасап.

Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев биыл 17 сәуірде көп қабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан көз жұмған жандардың отбасына барып, өзінің және компания атынан көңіл айтты.

«Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, Президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз», – деді ҚМГ басшысы көз жұмған тұрғындардың туысына көңіл айтып.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жанұядағы адам санына байланысты екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алды.

Оқи отырыңыз: Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жаңаөзендегі жарылыс мәселесін көтерді