Батыс Қазақстанда қызметтік көліктер таксиге айналмақ

06.06.2021 21:56

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды

Reuters

Батыс Қазақстан облысында қызметтік көліктер таксиге айналмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Ол қызметтік автокөліктерді қалада такси сервисін құратын компанияға беретінін хабарлады. Алматы компанияларының бірімен «Ақжайық» ӘКК-мен бірлескен кәсіпорын құру жөнінде тиісті уағдаластық бар.

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі қолданыстағы автокөліктерін бірлескен кәсіпорында өткізеді, ал жеке инвестор паритеттік негізде жаңа автомобильдер сатып алады және жайлы класты такси қызметін ұсынады. Мемлекет болашақта автокөлік сатып алудан бас тартудан үнемдейді және менің ойымша, жалдау ақысы көліктің ағымдағы пайдалану шығындарынан арзан болады. Осылайша Орал Жаңа такси сервисіне ие болады және қызметтік көлікті сатып алу шығындары қысқарады», – деп жазды Ғали Есқалиев.