Отанға қызмет - міндет: 300-ге жуық алматылық сарбаз ант қабылдады

Almaty.tv
Almaty.tv
Ант қабылдау рәсімі Алматы мен Жетісу облыстарында да өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Отан қорғаушылар күні қарсаңында десанттық-шабуылдаушы әскердің жас сарбаздарды ант қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ армиясында адал қызмет етуге 300-дей жігіт сөз берген. Енді олардың барлығы Алматы гарнизонының 61-де 993 әскери бөлімшесінің жауынгері саналады. Салтанатты іс-шараға қарулы күштер қатарына қосылған азаматтардың ата-аналары да қатысты.

– Шымкент қаласынан келдім. Ұлымды көріп, қуанып жатырмын. Ер азамат борышын өтеуі керек. Сондықтан бір жыл күтеміз, деді ата-ана Бағдат Төлемісова.

– Әскери борышымды атқаруға келдім. Грант беріледі, мүмкіндікті қолданып, ұшқыш болуды мақсат тұтып отырмын, – деді жас сарбаз Қанат Өмірзақов.

Алматыдағыдай ант қабылдау рәсімі Алматы мен Жетісу облыстарында да өтті. Ел бойынша биыл жарты жылда 1500-ге жуық сарбаз әскер қатарына алынған. Олар – мерзімді қызметке осы көктемде  шақырылған азаматтар. Отан алдындағы борышын өтеуге сөз берген жас жауынгерлер 1 айда даярлықтан өтіп, қару ұстауды және қоян-қолтық ұрыс жүргізудің алғашқы курсын үйренген.

– Бір ай дайындықта жас сарбаздар жақсы нәтиже көрсетті. Елді қорғауға дайын екенін дәлелдей алды. Негізі 30 күнде жауынгер тәрбиелеу оңай шаруа емес. Бірақ 1 жылда олардан Отанымызды қорғайтын азамат шығарамыз, – деді 61993 әскери бөлімі командирінің орынбасары Бақытжан Қырғызәлиев.

Оқи отырыңыз: Жеңіс күні: Алматыда мерекелік іс-шара өтетін орындарды безендіру басталды

Новости партнеров