Шешімі бар: Мүгедек анасы мен 5 бауырына қарайлап отырған 12 жастағы Жансая Рахимова үйлі болды

«Шешімі бар» бағдарларамасының бүгінгі шығарылымы тағдыр тауқыметінен еңбекке ерте араласып, уақытынан бұрын есеюге мәжбүр болған балаларға арналды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 "Алматы" телеарнасынан көрсетілетін "Шешімі бар" бағдарламасында  мүгедек анасы мен 5 бауырына қарайлап  отырған 12 жастағы Жансая Рахимова  үйлі болды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«Шешімі бар» бағдарларамасының бүгінгі шығарылымы тағдыр тауқыметінен еңбекке ерте араласып, уақытынан бұрын есеюге мәжбүр болған балаларға арналды. Ондағы мақсат – бүлдіршіндердің қайсарлығын, еңбекқорлығы мен өмірге деген құлшынысын көрсету еді. Сондай қайсар жандардың бірі 12 жастағы Жансая Рахимова.  Анасы жол-көлік апатынан көзі көрмей қалған. 

Анасының құрсағындағы Айдарбек есімді інісі де зағип болып туылған. 5 жастағы Санжар есімді інісінің де бір бүйрегі жоқ.  Рахимовтар отбасы қазір Алматы облысы, Талғар ауданында пәтер жалдап тұрады. 

Телеарна тілшілерінің ұсынысымен  "Қарекет" қайырымдылық қоры отбасы жағдайымен толық танысып, бүгінгі бағдарламада 12 жастағы Жансая Рахимоваға үй сыйлайды. "Өзіміздің баспанамыз болады" деп қуаныштан көзіне жас алған Жансаяның анасы Айжан Рахимова қайырымды жандарға, "Қарекет" қайырымдылық қоры мен  "Алматы" телеарнасына алғысын айтты. 

"Шешімі бар" бағдарламасының бүгінгі шығарылымын арнамыздың You Tube-тегі ресми парақшасынан көре аласыздар. 


Новости партнеров