Алматыда ағылшын тілінен тестті жақсы тапсырғандарға Кэмбридж сертификаты табыстылды. 50 шақты оқушы білім деңгейін дәлелдейтін қағаз алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжат шетелде білім алуға мүмкіндік береді. Марапат онлайн форматта өтті. Айта кетейік, еліміздің білім және ғылым министрлігі Cambridge English асесментпен әлеуметтік жобаны қолға алған. Нәтижесінде, Қазақстандағы 50 мектеп және 200-ден аса ұстаз ағылшын тілінен білімін жетілдірді. Айта кетейік, шараға 3 мыңнан аса оқушы қатысты.
«Білім және ғылым министрлігімен Кэмбридж ассесмент арасында меморандум жасалған болатын. 50 пилоттық жобаны өткізу аясында. Осы жобаның негізгі мақсаты - мектеп жасындағы оқушылардың ағылшын пәні бойынша білім деңгейін анықтау болатын. Ол 4,9,11 сынып оқушылары болатын. Бұл жобаны Professional Development центрі өткізді. Қазақстанда жалғыз Кэмбридж экзамендерін қабылдауға құқылы орталық», – деді Study Inn халықаралық білім беру орталығының стратегиялық даму жөніндегі басшысы Нұртас Жұмағазиев.