Қазақстандағы ақылы жолдарға аудит жүргізілді

20.01.2024 21:57

Бір жылда түскен таза кіріс анықталады

elements.envato.com

2023 жылы еліміздегі ақылы 17 жолдан 30 млрд теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылы ақылы 17 жолдан жүргізушілер тарапынан 30 283 900 мың теңге ақша қаражаты түсті», - делінген компанияның хабарламасында.

Мекеме мәліметінше аталған қаржы ақылы жолдарды күтіп ұстауға және ағымдық жөндеу жұмыстарына, ақы алу жүйесін күтіп ұстауға, инвестицияларды қайтаруға, жол пайдалану техникасы мен жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

«Жылдық аудит есебі жүргізілгеннен кейін таза кіріс анықталады. Оның 80 пайызы республикалық бюджетке төленіп, қалған 20 пайызы жол саласын дамыту үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-та қалады», - деп нақтылайды компаниядан.

Оқи отырыңыз:Үш облыстағы республикалық маңызы бар автожолмен қозғалысқа шектеу енгізілді