WhatsApp қосымшасына жаңа функция қосылды

12.04.2019 21:57

Көптеген WhatsApp қолданушылары топтық чатқа еріксіз қосылғандарына наразылық білдіреді екен

WhatsApp бағдарламасын жасаушылар жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатқандығын мәлімдеді. Ол арқылы топтық чаттан шықпай ескертуді өшіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды РИА Новости.

Көптеген WhatsApp қолданушылары топтық чатқа еріксіз қосылғандарына наразылық білдіреді екен. Сондай-ақ олар топтық чаттан басқа қолданушыларға білдіртпей шыға алмайды.

«Режим игнорирования архивных чатов» функциясы арқылы қолданушы топтық чатта қала береді, бірақ ескертулер оған көрінбейтін болады.