Алматыда QR-код арқылы тыңдауға болатын ертегілер кітабы жарыққа шықты

22.09.2021 в 21:58

Кітапқа 33 ертегі енгізілген

Қазақстанда QR-код арқылы тыңдай алатын Orda атты ертегілер кітабы жарыққа шықты. Аталмыш кітапта 100 ұлттың үздік 600 ертегісі қазақ тіліне аударылған. Бұл туралы OrdaGen жобасының жетекшісі Парасат Тәненов «Таңғы Studio» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Orda кітабы – орда бұзатын емес, жаңадан орда құратын ұрпақ тәрбиелейік деген ниетте  шығарылған. Бұл кітапта әлемдегі 100 ұлттың ертегісін қазақ тіліне аударып, 600 заманауи ертегі жазып шықтық. Біздің 40-қа жуық автормыз бар. Олардан ертегіні 33 құндылық бойынша қабылдадық. Осы құндылықтарды негізге ала отырып, ертегілер, фэнтези, фантастикалық жанрдағы әңгімелер жазамыз. Құндылықтарды төртке бөлдік: «Адами құндылықтар», «Таным құндылықтары», «Қоршаған орта құндылықтары» және «Ұлттық құндылықтар». Біз кітапты шығарар алдында балаларға оқытып көрдік. Бұл кітаптын бір ерекшелігі – әр ертегінің соңында QR-код бар, соны ұялы телефонға сканерлеу арқылы аудиосын тыңдай аласыз», –  деді Парасат Тәненов.

OrdaGen жобасының екінші кітабы «Аю береке» деп аталады. Ол балаларға ақшаны қалай үнемдеу керек екенін үйретеді.

«Ал екінші – кітабымыз «Аю береке» деп аталады. Бұл кітап қаржылық сауаттылықты балаларға 6 жасынан бастап үйретеді. Ақша қайдан келеді, оны қалай есептеген дұрыс? Соның бәрі осы кітапта жазылған. Ертегіде аю кәсіп бастап көреді, сол арқылы балаларды үнемділікке үйретеді», – деді ол.

Ал үшінші – кітап «Orda бояма» деп аталады. Ол кітаптың ерекшелігі балалар кітаптағы QR-кодты сканерлеп, суретті бояу туралы мағұлмат ала алады.



Теги: кітап оқу