«Аманат» платформасы сайлауды бақылайтын 10 мың байқаушыны арнайы оқытпақ

05.06.2019 21:58

Мүмкіндігі шектеулі жандар да бақылаушы болуға сұранып отыр

9 маусымда өтетін ҚР Президенттік сайлауын «Аманат» азаматтық платформасының 7 мыңнан астам байқаушысы бақылайды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, республика бойынша 9967 сайлау учаскесі болса, оларды толық қамту үшін «Аманат» 10 мыңға жуық байқаушыны оқытуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Платформаның кезеңаралық жұмысын қортындылаған ұйым мүшелері осыған дейін президенттікке үміткер кандидаттардың штаб-пәтерлері өкілдерімен және сайлау күніне дайындық жүргізіп жатқан сайлау бөлімшелерінің жұмыс барысын көріп, ыңғайлылығы бойынша тексеріс жүргізген еді.

«Арбамен, қоларбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандар бақылаушы болуға сұранып отыр. Бұл – сана-сезімнің көтерілгені әрі олардың азаматтық позицияларының өскендігі деуге болады. Елімізде соңғы жылдары көп жақсы өзгерістер болып жатыр. Біз сол өзгерістерді қолдауымыз керек. Әр азамат өз азаматтық позициясын көрсетіп, сайлауға қатысып, дауыс беруі керек», – дейді «Қазақстанның мүгедектер одағының» төрағасы, «Аманат» АП штаб мүшесі Әли АМАНБАЕВ