|
06.06.2020 | 16:58
7171

Америкалықтар асырап алған тағы бір қазақ баласы туыстарын тапты

Арман атты жігіт әпкесімен байланысқа шығып, екеуі ымдасып сөйлескен

Америкалықтар асырап алған тағы бір қазақ баласы туыстарын тапты

Америкалықтар асырап алған Арман атты жас жігіт Қазақстандағы туыстарын тауып алды. Бұл туралы Facebook парақшасында журналист Жеңіс Құспан жазды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын Kazakh American Association атты Facebook парақшада Арманның Қазақстандағы танысы Аида Көшекбаева атты қолданушы АҚШ-тағы қандасымыздың туыстарын іздеп жүргені туралы жазған еді.

Көп уақыт өтпей Америкадағы жігіт оған туған-туыстарын тапқаны туралы хабарлапты.

«Бәріңізге рахмет, мен туыстарымды таптым!» деп жазды америкалықтар асырап алған Арман», - деп жазады Жеңіс Құспан Facebook парақшасында.

Көп уақыт өтпей журналист оқырмандарға Арманның әпкесімен байланысқа шығып, екеуі ымдасып сөйлесіп жатқанын жария етті.

«Мен Арманның әпкесімін. Ол менің бауырым. Оның да, менің де құлағымыз естімейді. Ымдасып тілдесеміз. Қазақстан мен Америкадағы ым тілі екі түрлі болса да, бір-бірімізді түсінеміз. Мен оны бұрыннан іздеп жүрген едім. Енді ғана таптым», - деп жазған Арманның әпкесі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир