|
04.03.2020 | 22:27
12259

Алматыдағы №140 мектеп-гимназиясында «Абай» залы ашылды

Залды жасақтауға жарты жыл уақыт кетіпті

Алматыдағы №140 мектеп-гимназиясында «Абай» залы ашылды

Алматыдағы Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясында «Абай» залы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv. Шара Хәкім Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған. Білім ордасының 3-қабаты түгелімен дана ақынға арналып, онда Абайдың еңбектері қойылды. Бұл залды жасақтауға жарты жыл уақыт кетіпті.

«Абай – дәуірмен үндесе білген ғасыр ақыны. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы өскелең ұрпақтың ой-санасынан көрініс таба білген, ойшыл, терең ақын. Әрине, қазақтың қазақтығын күллі әлемге танытатын кім десе, Абай дер едік. Ендеше бүгінгі өсіп келе жатқан жас буын Абайдың әрбір өлең жолдарынан үлгі, ғибрат алып, болашақта үлкен азамат болып, қазақ қоғамына еңбек етемін десе, Абайдың мұрасын білуі керек, зерделеуі керек», – деді М. Мақатаев атындағы № 140 мектеп-гимназиясының тарих және құқықтану пәнінің мұғалімі Дәурен САҒЫНҒАЛИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир