Әл-Фарабиден әл-Машаниге дейін. Бүгін осындай тақырыппен ұлылардың ойын дамытып, жолын жалғаған ғұлама ғалым Ақжан әл-Машанидің шығармашылығы сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық Ғылым академиясының іргетасын қалаған ол әл-Фараби туындыларын, адами болмысын келешек ұрпаққа жеткізу жолында аянбай тер төккен тұлға.
«Ағжан Машани ақсақал тұңғыш рет Әл-Фарабиді 1943 жылы Чехослав ғалымы Кольманнан естіген. Өзі геолог болғанымен, Фарабидың ізін қуып, бар өмірін соңына дейін ғалымның еңбегіне арнағанды жақсы көрді», – деді философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы Жақыпбек АЛТАЕВ
Сәтбаев универститетінде өткен шараға Әл-Фараби орталығының мамандары мен әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының қызметкерлері және профессорлар қатысты. Дөңгелек үстелде әл-Фараби мен әл-Машани туралы келелі әңгімелер қозғалып, алда атқарылуы тиіс жұмыстар да айтылды.
«Ақжан Машанов ғұлама ғалым Әл-Фарабидың атын елімізге қайтарған адам. Ақжан Машановтың еңбектерін қайта жаңғырту, зерттеу, айқындау сол мақсатпен Қазақ ұлттық универститетімен бірге өткізіп отырмыз», – деді Әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының кафедра меңгерушісі әлия АҚАТАЕВА.