Арыстағы қызды алып қашу оқиғасына қатысты тың мәлімет жарияланды

МИР 24
МИР 24
Қызды алып қашқан жігіт өзінің сыныптасы болып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Арыстағы қыз ұрлау оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде бір топ жігіттің жас қызды көлікке мәжбүрлеп салып алып кеткен видеосы тарауда.

«Бұл видеодағы деректерді тексеру кезінде полиция оқиғаның Түркістан облысының Арыс қаласында болғанын анықтады. Қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Қазіргі кезде қыз дін-аман, үйіне - ата-анасына оралды. Бұл факті Арыс аудандық полиция бөлімшесінің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы, яғни "Адам ұрлау" бабы бойынша тіркелді. Күдіктінің сөзіне қарағанда, ол қызбен бірге бір сыныпта оқыған және үйлену мақсатында қызды ұрлаған», - дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үстінде.

Новости партнеров