Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Отбасы банкі Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді.
Шымкенттіктер өздерінің іскерлігімен және іс-қимыл жылдамдығымен танымал. Біржолғы зейнетақы төлемдерін алған алғашқы адам дәл осы керемет қаланың тұрғыны болғаны да таңқаларлық емес.
«Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті», – деді зейнетақы жинағынан ақшасының бір бөлігін алған алғашқы қазақстандық.
Тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алды. Ал ипотеканы Отбасы Банкінен алуды шешті.
«Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым. Ипотеканы Отбасы Банктегі аралық заем арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады», – деді ол.
Біздің кейіпкерімізді 3 жылдық жинақтарға қол жеткізгеннен кейін арқылы заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5%-ға дейін төмендейтіні қуантты.
Салымшымыздың айтуынша, несие бойынша мақұлдама тез берілді. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алған. Несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмады.
Зейнетақы жинақтарының және Отбасы Банкінің арқасында отандасымыз, үй құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа шаңырақ астына қоныс тойын тойлайтын болады.