Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық белсенді жас қосылды
Қалалық Jas Otan жастар қанатының бастамасымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Тұңғыш президент күніне орай «Елбасының көшбасшылық жолымен» атты кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық белсенді жас онлайн түрде қосылды. Отырысқа қатысушылар атаулы күннің мәні мен маңызына кеңірек тоқталды.
«Елбасының осы тәуелсіздік жылдарында жасаған еңбектеріне тоқталып өту, еліміздің шекарасының заң жүзінде бекітілуі, бұл қазақ тілінің арнайы статусқа ие болуы, одан бөлек елордамыздың бой көтеруі, Семей полигонының жабылуы...», – деді Jas Otan жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов.