Ақтауда мысықты құтқарған ер адамның видеосы пайда болды

11.10.2020 22:00

Үй жануары жылу трассасының аркасына шығып, өздігінен түсе алмаған

стоп-кадр

Ақтауда арнайы техника арқылы мысықты құтқару операциясы видеоға түсірілді,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Үй жануары жылу трассасының аркасына шығып, өздігінен түсе алмаған.

Жұмысшылар алдымен қол жетпейтін жерге өздері шығуға тырысқан, бірақ ойлары сәтсіз шығып, кейін жүк тиегішті айдап келген. Ер адамдардың бірі көлік ожауына кіріп, мысық түсе алмай қалған жерге көтерілген. Құтқару операциясы сәтті аяқталды.