Алматының Ақкент ықшам ауданындағы өрттен зардап шеккен 49 адамның бесеуі стационарлық ем алып жатыр. Екі ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханада, ал 3 бала шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
– Екі ересек адам бөлімшеде, жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Балалардың да жағдайы тұрақты. Реанимацияда және аппаратта жатқан жағдайы ауыр балалар жоқ. Алатау ауданы Ақкент ықшамауданы, 54-үйде болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды, оның ішінде 5 жансақтау бригадасы болды, – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева.
Айта кетейік, осыдан 3 күн бұұрын Алатау ауданындағы тұрғын үй кешенінің бірінен өрт шығып, бір адам көз жұмған еді.