Алматыда ұлттық құндылықты дәріптеуге үйрететін семинар өтті

Сурет: Аlmaty.tv
Сурет: Аlmaty.tv
Іс-шараны қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда "Ұлттық құндылықтар - қайырымды қоғам" деген тақырыпта семинар-практикум өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараны Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды. Семинарға мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Семинар мақсаты - ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ел бірлігін нығайту.

– Негізгі мақсат – ұлттық құндылықты насихаттау. Ұмыт болған салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту. Әрқайсымыз атсалыса отырып, бабалар аманатын ұрпаққа жеткізуіміз керек, - дейді кәсіпкер, семинар-практикумның спикері Асқар Әмірбек.

– Әрбір оқытушы білім берумен қатар, тәрбие беру ісін де жолға қоюы тиіс. Сондықтан бұл семинарлардың біз үшін, қоғам үшін маңызы зор. Студенттерге бағыт беріп, ақыл-кеңес айтып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де үйрету қажет, - дейді Алматы Энергетика және байланыс университетінің кафедра меңгерушісі Болат Қабдешов.

Оқи отырыңыз: Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды

Новости партнеров