«Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына жаңа басшы тағайындалды

lada.kz
lada.kz
«Алматы су» кәсіпорны мегаполистің 1,5 миллион тұрғынын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз етеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қайрат Абдрасилов «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның  бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінге дейін, Қайрат Абдрасилов «МАЭК- -Қазатомпром» ЖШС басқарды. Бұрындары, ол Астана Энергетика басқармасының бастығы қызметін атқарған. Әр жылдары  ол экология және қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды басқару жүйелерінде басшы болды (Алматы, Астана қалалары мен Атырау және Ақмола облыстарында).

Жаңа басшыға, Алматы қаласындағы коммуналдық кәсіпорынның тиімділігін арттыру, технологиялық процестерді цифрландыру мен автоматтандырудың кешенді жоспарын іске асыру, шығындарды оңтайландыру және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру міндеті жүктелді. Сонымен қатар, өндірісті, желілер мен жабдықтарды жаңғыртуды жалғастыру қажет.

«Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мегаполистің 1,5 миллион тұрғынын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ол Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын болып саналады.


Новости партнеров