Құрметті құрылысшы: Алматы көпір құрылыс зауыты мамандары марапатталды

12.08.2022 22:01

Тамыздың екінші жексенбісі – құрылысшылар күні

Almaty.tv

Тамыздың екінші жексенбісі – құрылысшылар күні. Кәсіби мереке қарсаңында бүгін Алматы көпір құрылыс зауыты мамандары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Еңбегі еленген 12 қызметкер «Құрметті жолшы», «Құрметті құрылысшы» атағына лайық деп танылды. Атаулы күнде арнайы келген «AMANAT» партиясының өкілі қызметкерлерді құттықтап, алғыс хат тарту етті.    

«Өткен 2021 және 2022 жылдың басында біздің құрылымдардан республикамыздың барлық аумағы бойынша 60-тан астам әуе желілері мен көпір айырықтары салынды. Өткен жылы біз «Үлкен Алматы айналма жолы» жобасы үшін 2 мыңнан астам көпір арқалықтарын жеткізіп бердік», – деді  «AZMK Group» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Шухрад Шардинов.

«Мен осы «AZMK group» заводында 2001 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бізді құттықтап жатқан заводтың директорына рақмет», – деді құрылысшы Аманжан Тұрарұлы