|
Qoǵam
14.08.2019 | 17:16

Сағынтаев алматылықтарға алғыс айтты

Қазіргі уақытта Наурызбай ауданындағы жағдай тұрақты

Сағынтаев алматылықтарға алғыс айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін болған төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен алматылықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Айтуынша, қазіргі уақытта Наурызбай ауданындағы жағдай тұрақты.

«Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, қаламыздың коммуналды қызмет бөлімшелері жедел әрі нақты жұмыс жасады, сол үшін оларға рахмет айтамын. Көмектерін ұсынған барлық ізгі ниетті жандарға жеке алғысымды білдіремін. Осындай сәтте біз қаланың құрыштай берік екенін көрсеттік. Ал бұл мақтаныш сезімін оятады. Рақмет сіздерге, құрметті алматылықтар!», - деп жазды Алматы әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін таңертең Алматы маңында сел жүргені жайлы хабарланған болатын.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

14.08.2019 Наурызбай ауданындағы сел тасқыны жағдайы тұрақталды. Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, қаламыздың коммуналды қызмет бөлімшелері жедел әрі нақты жұмыс жасады, сол үшін оларға рахмет айтамын. Көмектерін ұсынған барлық ізгі ниетті жандарға жеке алғысымды білдіремін. Осындай сәтте біз қаланың құрыштай берік екенін көрсеттік. Ал бұл мақтаныш сезімін оятады. Рахмет сіздерге, құрметті алматылықтар! —— Ситуация с селевым паводком в Наурызбайском районе стабилизирована. Службы по чрезвычайным ситуациям, полиция, коммунальные подразделения нашего города работали четко и слаженно, за что им спасибо. Отдельно хотел бы поблагодарить всех неравнодушных, кто предлагал свою помощь. В такие минуты мы показали, что город един. И это вызывает чувство гордости. Спасибо, дорогие алматинцы!

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)14 Авг 2019 в 3:08 PDT