Қазіргі уақытта Наурызбай ауданындағы жағдай тұрақты
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін болған төтенше жағдай кезінде көмек көрсеткен алматылықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Айтуынша, қазіргі уақытта Наурызбай ауданындағы жағдай тұрақты.
«Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, қаламыздың коммуналды қызмет бөлімшелері жедел әрі нақты жұмыс жасады, сол үшін оларға рахмет айтамын. Көмектерін ұсынған барлық ізгі ниетті жандарға жеке алғысымды білдіремін. Осындай сәтте біз қаланың құрыштай берік екенін көрсеттік. Ал бұл мақтаныш сезімін оятады. Рақмет сіздерге, құрметті алматылықтар!», - деп жазды Алматы әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, бүгін таңертең Алматы маңында сел жүргені жайлы хабарланған болатын.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)14 Авг 2019 в 3:08 PDT