Жыл басынан бері Маңғыстауда 5 келіден астам марихуана тәркіленді

28.02.2020 22:02

Марихуана таситын екі ірі арна жабылды

polisia.kz

Ағымдағы жылы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының күшімен марихуана таситын екі ірі арна жабылды, – деп хабарлайды Polisia.kz..

Есірткі заттары Ақтау қаласына әрі қарай өткізу үшін еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген. Жыл басынан бері 5 келіге жуық түрлі есірткі құралдары тәркіленген болатын. Оның 4 келісі  марихуана есірткісі. Есірткіні таратумен айналысқан азаматтар ҚР Қылмыстық кодекстің 291-бабы бойынша  қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, Департамент облыс тұрғындары мен қонақтарын есірткі қылмысымен күресте белсенділік танытуға, өздеріне мәлім болған барлық қылмыс фактілері туралы хабарлауға шақырады.

Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында WhatsApp +77772895480 нөмірі бар екенін еске салады.