ІІМ еліміздегі автомектептердің жұмысын бақылауы мүмкін

30.07.2024 22:02

Ержан Сәденов жүргізушілерді оқыту сапасына қатысты сұрақтар барын атап өтті

elements.envato.com

Еліміздегі автомектептердің жұмысын ІІМ бақылайтын болады. Бас полицей Ержан Сәденовтің айтуынша, көлікпен жүру тәртібі төмен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл жол ережесін бұзу 58, қарсы жолаққа шығу дерегі 70 пайызға артқан. Ұсталған мас жүргізушілердің саны 15 пайызға өсіпті. Ал өрескел бұзушыларды құқығынан айыру 2 есе көбейген. ІІМ жол ережесін елемейтіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынып отыр.

– Жылдамдықты жақсы көретіндерге жазаны күшейтеміз. Тиісті заң жобасы Сенатқа енгізілген. Сондай-ақ мас күйінде, автокөлікті куәліксіз басқарса, 7 жылға дейін куәлік алуға тыйым салынады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, жүргізушілерді дайындау талаптары қайта қаралады. Өзін-өзі дайындау тоқтатылды, – деді ҚР ІІМ Ержан Сәденов.

Ержан Сәденов жүргізушілерді оқыту сапасына қатысты сұрақтар барын атап өтті. Кейбір автомектептерде қажетті жағдай жоқ. Себебі саланы мемлекет бақыламайды. Бас полиций бұл функцияларды министрлікке қайтаруды сұрады.

– Автомектептерді есепке аламыз. Түлектердің қатысуымен болған апаттар рейтингін енгіземіз. Оқу курстарын өту туралы куәліктерді, медициналық анықтамаларды электрондық нысанға көшірдік. Бірақ жүргізушілерді оқыту сапасына қатысты сұрақ бар, – деді ҚР ІІМ Ержан Сәденов.

Оқи отырыңыз: Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасын қайта қарау керек - Олжас Бектенов