Ағаш егуге аудан әкімі бастаған мемлекеттік қызметкерлер атсалысты
Наурызбай ауданында демалыс күндері 500-ден аса шырша егілді. Ағаш егуге аудан әкімі бастаған мемлекеттік қызметкерлер атсалысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал биыл компенсациялық ағаш егу бойынша Қарағайлы және Шұғыла шағын аудандарына 600-ге жуық жас көшет отырғызу көзделген. Айта кетейік, Наурызбай ауданы құрылғалы 20 мыңға жуық жасыл желек егіліпті. Жалпы Алматыны жасыл қала ету мақсатында ауданда 5600 ағаш отырғызылмақ. Бүгінде оның 2 мыңнан астамы өсіп тұр.
«Ағаштар егілген уақыттан бастап 1 жыл бойы мердігер мекеменің қарауында болады. Биыл қыстап шыққан шыршаларды көктем айында суару басталады. Жалпы қылқан жапырақты ағаштар бізде жақсы өседі. Қаланың көркіне көрік қосқан жасыл желекті ары қарай күтіп баптайтын боламыз», – деді Наурызбай аудандық көріктендіру бөлімінің бас маманы Оңалбек Қыдырбаев.