"Бүгінгі Жетісу ауданы түрғындарымен кездесуді «Кемел» ықшамауданында өткіздім, онда 10 мыңнан астам адам тұрады. Бұл осыдан 5 жыл бұрын қалаға қосылған «Первомайский», поселкесі", - деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.
Бақытжан Сағынтаевтың өзі айтып өткендей, 23 тамызда болған кездесуде де тұрғындар барынша өзекті мәселелерді көтерген болатын. Бүгінгі күні бұл проблемалар «Жаңа Алматы» даму бағдарламасының «Шетсіз қала» қағидасына сәйкес жоспарлы түрде шешілуде.
Ауданның өзекті мәселесінің бірі – Палладин көшесі бойындағы жер телімдерін заңдастыру. Онда құжаты жоқ 309 үй анықталған. Бүгінде 52 үйдің құжаты жер комиссиясының қарауына ұсынылды, 47 құжат дайындық үстінде. Қалғандары бойынша қосымша жұмыстар жүріп жатыр.
Жетісу ауданында 2021 жылдың аяғына дейін 160 шақырым су құбырлары мен кәріз желілері тартылады. Осылайша, шамаман 10 мың үйдің тұрғыны ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.
«Бұл проблемалардың барлығы қала тұрғындарымен алғашқы танысу кездесуде айтылған еді. Оларды шешу үшін бағдарламаларды түзеттік және бюджетті қайта қарадық. Мәселелерді тиімді шешу үшін аудан әкімдіктерінде «Ашық есік» күндері белгіленіп, оларды тұрақты түрде өтетін болады», - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.