Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 000 теңге мөлшеріндегі сыйақымен сауалнама жүргізетіні туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
«Министірлік мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға ешқандай сауалнама жүргізбейді. Азаматтарға алаяқтар мұндай хабарламаларды банктік шоттарға қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін екенін ескертеміз. Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін ешбір жағдайда күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді және онда өзіңіздің жеке деректеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.
Министірлік азаматтарға жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұрайды.
Жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын еске салады.