|
11.02.2022 | 19:23
6808

Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығында ашық есік күні өтті

Аталған әлеуметтік орталыққа күніне жиырмадан аса адам келеді екен

Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығында ашық есік күні өтті Almaty.tv

Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығында ашық есік күні өтті. Алмалы ауданында орналасқан әлеуметтік мекемеде көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға мемелекеттік қызметкерлер кеңес берді. Сонымен қатар прокуратура өкілдері мен тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары да келушілердің көптеген сауалдарына жауап беріп, мәселенің шешу жолдарын көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

       

«Келген аналардың АӘК-ке, қосымша жәрдемақыға, балалардың ыстық тамағына қатысты сауалдары көп. Сондықтан біз бүгін ашық есік күнін ұйымдастырдық. Біз көпбалалы аналар мен мұқтаж отбасылардың барынша дұрыс, шынайы ақпар алғанын қалаймыз», - деді Алмалы ауданы «Бақытты отбасы» орталығының директоры Іңкәр Жаңаәділқызы.

Аталған әлеуметтік орталыққа күніне жиырмадан аса адам келеді екен. Одан өзге, бұл жерде шаштараз, аспаз, тігінші секілді қоғамға керекті мамандықтарға үйретеді. Егер жақсы игеріп кетсе, жұмыс та тауып беруге болады дейді мамандар. «Бақытты отбасы» орталығы қоғамдағы өзекті мәселелерді оңтайлы шешіп, мұқтаж отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.  

«Қазір мен өзім секілді жағдайдағы аналарға кеңес беремін. Менің балам да ерекше күтімді қажет еді. Ал «Бақытты отбасы» орталығы бәріне үлгеруім үшін маған ыңғайлы жұмыс уақытын белгілеп берді», - деді әлеуметтік жұмыстар бойынша кеңесші Айдана Тәжібаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир