Жаңа жылымыз құт берекесімен келсін – Мейрамбек Бесбаев

21.03.2022 в 22:03

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының мүшесі, әнші Мейрамбек Бесбаев қазақ жұртын әз-Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ардақты ағайын, келіп жеткен Наурыз мейрамы құтты болсын! Жаңа жылымыз құт берекесімен келсін. Әрбір отбасына амандық тілеймін. Ақ мол болсын, келер жылдан үмітіміз зор болсын! Алдағы уақытта бірге талай үлкен мерекелік кештерде жолығамыз деген үміттеміз. Наурыздан Наурызға аман-есен жете берейік», – дейді әнші.