Қазақ баласы Джо Байденмен қол алысып, амандасты

08.10.2022 22:03

Ол АҚШ президентімен Пенсильвания университетінің кампусында кездесті

newtimes.kz
АҚШ президенті Джо Байден қазақ баласының амандасу үшін созған қолын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Баланың есімі Әлтайыр екені белгілі. Ол АҚШ президентімен Пенсильвания университетінің кампусында кездесті. Сөйтсе оның анасы осында оқитын болып шықты. Америка президенті мұнда ресми сапармен келген.

Видеоны 8 қазанда әлеуметтік желіде баланың анасы жариялады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоның астына түрлі пікір қалдырды:

  • Қандай керемет! Бұл сәтті өмір бойы есінен шығармайтын болар

  • Бұл да бір белгі, Әлтайырдың жолы үлкен болсын деп тілейміз.

  • Керемет. Джо Байденнің өзі ғой! Осылай да болады екен ғой! Әлтайырдың бағы бар деші! Жарайсыңдар!