Алматыда «Бизнес және инвестицияны қорғау» жобасы аясында 64 кәсіпкердің мүддесі қорғалған

07.09.2020 22:04

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қорғауында 31 кәсіпорын бар

almaty.tv

Алматыда «Бизнес және инвестицияны қорғау» жобасы аясында 64 кәсіпкердің мүддесі қорғалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қорғауында 31 кәсіпорын бар.  Басты мақсат – кәсіпкерлік саласындағы жемқорлық пен пара беру сияқты заң бұзушылықтарды болдырмау және іскер жандардың құқығын қорғау. Мәселен, биыл кәсіпкер Ұлан Арынбеков жекеменшік мектеп салу мақсатында құжаттарды дайындау мен жергілікті сараптамалардан өтуде біраз қиындықтарға кез болған. Бүгінде жобаның қолдауымен барлық құжаттары рәсімделіп, соңғы үлгідегі 590 орындық білім ордасының құрылысы басталып кетті.

«Біздің жеріміздің ортасынан қызыл сызық өткен. Сол үшін біз мектепті жобаға қондыру үшін ең біріншi сол қызыл сызықтан 25 метр қашықтықта болуымыз керек. Ал, бірақтан құрылыс комитетінде жаңадан өзгерістер енгізді. Территория аз болған жерлерде мектепті тұрғызуға болады. Сондай мәселелерде бізге жемқорлықпен байланыс комитеті көмектесті», – деді жеке кәсіпкер Ұлан Арынбеков.