Жаңа маусым: «Шешімі бар» ток-шоуы эфирге қайта оралды

Almaty.tv
Almaty.tv
«Алматы» телеарнасынан жұмыс күндері 18:00-де көре аласыздар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көрерменнің түйткілін тарқатып, мәселесінің шешімін бірге іздейтін «Шешімі бар» ток-шоуы бүгіннен бастап эфирге қайта оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әлеуметтік бағыттағы бағдарлама осымен үшінші маусымын көпке ұсынбақ. Кейіпкер арқылы қоғамның көрінісін көрсететін жобаның басты мақсаты - жол іздеу, шешім табу, тығырықтан шығу. Елдің әр аумағынан хабарласқан азаматтардың мәселесін жұмыс күндері 18:00-де біздің арнадан көре аласыздар.

«Шешімі бар» әлеуметтік ток-шоуы аты айтып тұрғандай, көрерменнің, ең бастысы кейіпкерінің басындағы түрлі проблемаларды шешуге, сол проблемаларды шешудің жолын табуға талаптанып көрмек», – деді «Шешімі бар!» әлеуметтік ток-шоуының жүргізушісі Дәнеш Асқарбекұлы.

Новости партнеров